Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыда дәмханалардың бірі өртеніп, бірнеше көлік отқа оранды

AstanaTV
25.10.2018ж. 20:00
2537
Алматыда дәмханалардың бірі өртеніп, бірнеше көлік отқа оранды

Бүгін түнде Алматыда дәмханалардың бірі өртеніп, бірнеше көлік отқа оранды. Тілсіз жау «Тесланың» қуаттау бекетіне дейін балқытып жіберген. Шығын көлемі әзірге белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, «Динара» шағын дәмханасы қайта жөндеуден өтіп, бүгін жаңадан ашылуы тиіс болған. Дәмхананың шамамен 280 шаршы метр аумағын өрт шарпыған. Қызыл жалын маңайдағы көліктер мен ғимараттарды, «Алматы байк» велосипедтерін күлге айналдырды. Тұрғындар таңғы сағат 4-те қатты жарылыстың дыбысынан оянғандарын айтады.  

Шахнұр ЯРМЕТОВ, КУӘГЕР: 

Диванда жатқам. Диванды біреу сілкігендей болды. Айнаға кеп қарап қалсақ жанып жатыр екен. Бірінші түтеп бастады. Сосын барып газ баллон атылды ма бірдеңе болды. Артынша бірден от көтеріліп кетті.  

Қуат ТЕЛЬМАНОВ, ЗАРДАП ШЕГУШІ:  

Бірден көлігіме жүгірдім. Бірақ, жанына жақындай алмадым. Жалынның қызуы он метрге дейін сезіліп тұрды. Шарасыз шетте жанып болғанын күттім. Күнделікті Көлік құны 750 мың теңге, ал жұмысымен 900 мың теңгеге барады. Енді көреміз. Мүмкін кафе иесі шығынымды өтеп берер. Не болмаса сот арқылы мәселе шешіледі деп сенемін.  

Ал, көрші тұрған «Тесла» көліктерін қуаттау бекетінің терезелері шытынап, балқып кетті. Қожайыны электрқуаттаушы қондырғыны миллиондаған қаражатқа орнатқанын айтады. Ресми мәліметке сай жарақат алғандар жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда. 

Максим БАРЫШЕВ, «TESLA» ЭЛЕКТРОКӨЛІКТЕРІН ҚУАТТАУ БЕКЕТІНІҢ ИЕСІ: 

Қазір қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында қызметі тоқтап тұр. Қайта жөндеуге келмейді. Бірер аптада жаңасына ауыстыру қажет. Одан бөлек ғимаратымыздың терезелері бар.  

О. Нұржақып