Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Денис Теннің өліміне қатысты тергеу аяқталды

AstanaTV
25.10.2018ж. 20:00
2405
Денис Теннің өліміне қатысты тергеу аяқталды

Денис Тен өліміне қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Ішкі істер министрі мәлімдеді. Қалмұханбет Қасымов жақында қылмыстық істі сотқа жолдаймыз,-дейді. Еске салайық, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен ауыр пышақ жарақатынан көп қан жоғалтып, ауруханада көз жұмған еді. Оның өліміне қатысы бар күдіктілер ұсталған. Қайғылы оқиға қоғамда резонос туғызып, көпшілік министрлікті реформалауды талап еткен. Содан соң, Президент биылғы Жолдауда ішкі істер органдарының жаңа стандартын бекітіп, полицейлерді тегіс сынақтан өткізуді тапсырған. Қасымовтың өзі де бұл сынақтан өтуге әзір.  

Сондай-ақ, Қасымов кителін ауыстырады. Қазіргі формасы тым ресми әрі ыңғайсыз дейді. Қазақстандық полицейлердің қызметтік киімі соңғы 17 жылда өзгермеген. Жаңа форманың 98 пайызы отандық тігіншілердің қолынан шығады.  

Қалмұханбет ҚАСЫМОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ: 

Киіп жүру ыңғайсыз. Осы мәселені ұзақ жылдар бойы талқылап келеміз. Канада мен басқа да елдердің формаларын зерттедік. Өйткені, бізде әр аймақтың климаты әртүрлі. Сондықтан, оңтүстік және солтүстік аймақтарға да ыңғайлы болатын форманы жасап шығарудамыз.

А. Бектас