Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Нұр Отан» партиясы «7-20-25» бағдарламасының іске асу барысын қадағалайды

AstanaTV
25.10.2018ж. 20:00
2173
«Нұр Отан» партиясы «7-20-25» бағдарламасының іске асу барысын қадағалайды

Ал, «7-20-25» бағдарламасымен салынатын үйлердің сапасын «Нұр Отан» партиясы қадағалайды. Бұл туралы бүгін партия хатшысы Илья Теренченко Қарағандыға жасаған сапарында айтты. 

Илья ТЕРЕНЧЕНКО, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: 

Бұл үйді өз көзімізбен көріп шықтық. Құрылыс сапасы талапқа сай екен. Белгіленген кесте бойынша салынып жатыр. Ең бастысы «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтерге үміткер азаматтарымыздың уақытылы сапалы баспана алуын қадағалаймыз. Ол барлық заманауи талаптарға сай болуы тиіс. 

Партиялықтар Қарағандыда «7-20-25» бағдарламасы бойынша салынып жатқан көп қабатты үй құрылысымен танысты. Мұнда 40 шақты пәтер аталған жоба бойынша жас отбасыларына берілмек. Ауласында көлік тұрағы мен спорт және балаларға ойын алаңдары салынады. Кеншілер шаһарында 2020 жылға дейін 3 мың отбасын баспанамен қамту жопарланған. «Нұр Отанның» арнайы мониторинг тобы қазіргі уақытта үміткерлердің бастапқы жарнасын субсидиялау мәселесін қарастыруда. Бұл жеңілдік құрылыс компаниялары мен жұмыс берушілердің немесе жергілікті әкімдік тарапынан жасалуы мүмкін,-дейді. 

А. Қуаш