Негізгі / Жаңалықтар / Мемлекет агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 600 млрд теңге қарастырмақ

Мемлекет агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 600 млрд теңге қарастырмақ

Бұл уақытта мемлекет агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 600 млрд теңге қарастырмақ. Субсидиялауға жыл сайын қосымша 100 млрд теңге бөлінсе, басымдық берілген жобаларды тиімді несиелендіру үшін 200 млрд теңге жұмсалмақ. Агрофорумда Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев осылай,-деді. Бұған дейін субсидиялауға 240 млрд теңге, ал несиелендіруге бюджеттен 60 млрд бөлініп келген. Бұдан былай берілетін субсидиялар саны 54-тен 34-ке қысқарады. Қызмет жыл соңына дейін автоматтандырылады. Бұл өтінішті қарау мерзімін қысқартып, жемқорлықтың жолын кеседі,-дейді. Ауыл шаруашылығы министрі саланы дамыту үшін әрбір облыс басшыларына трансұлттық компанияларды тартуды ұсынып отыр.  

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: 

Әрбір облыспен трансұлттық корпорациялардың 2-3 жобасын тартуы тиіс деп келісіп отырмыз. Бұл қолдан келеді. Ол ауыл шаруашылығында мүмкін. Біздің табиғи артықшылығымыз бар. Бүгін әлемдегі алпауыт қытайлық «Гранд Фарм» компаниясы біздегі мүмкіндіктермен танысып, Қазақстанға инвестиция құятын болып шешті.

8 айда агроөндіріс кешені өнімдерінің экспорты 30 пайызға артқан. Биыл Қазақстан Қытайға жіберілетін өнімдерді 20-30 пайызға арттыруды жоспарлап отыр. Отандық азық-түлікті сыртқа сату үшін тағы бірқатар елмен ветеринарлық келісімдер жүргізіліп жатыр. Ал, жыл соңына дейін ірі қара етінің экспортын 15 мың тоннаға жеткізу жоспары бар. 

Г. Меңдеева