Елде жүзден астам әйел теріс діни ағым жетегінде кеткен. Бұл туралы бүгін Қоғамдық келісім комитеті өкілдері мәлімдеді. Радикалды ағымдардың шырмауына әйелдер тез түсіп қалады екен. Осының алдын алу үшін Қоғамдық даму министрлігі арнайы конференция өткізді.
Министрлік қазіргі уақытта елдегі діни ахуалды реттейтін ауқымды заң жобасын әзірлеп жатыр. Соның бір тармағы қыз баланың бет-әлпетін тұмшалайтын киім киюге тиым салуды қарастырады.
Балғабек МЫРЗАЕВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біз осы заң жобасына енгіздік диструктивті діни ағымның сипатын енгіздік. Сонымен қатар, радикализм дегенің анықтамасын енгіздік. Ең бастысы-мынау диструктивті діни ағымның қатыстылығын білдіретін киім үлгісін жарнамалауды, тиым салуды көздеп отырмыз.
Қыздардың теріс ағымға түсіп кетпуін алдын алуға «Қыз Жібек» клубы ашылды. Ұйымда қазақтың салт-дәстүрі мен ұстанымдарын жетік білетін мамандар жиналған. Қазіргі таңда әр өңірде осындай 10 ұйым радикализмнің алдын алу үшін жұмыс жүргізіп жатыр.
Балғабек МЫРЗАЕВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Салт-дәстүрлерін меңгерген біздің діннін өзара құндалықтарын ұштастыра білетін білікті азаматшалармен бірлесе отырып, осындай ұйымдар құрып жатырмыз. Мақсатымыз одан әрі кеңейте түсу.
Конференцияда дін мәселелері жастарға экстримизмнің әсер етуін болдырмау. Сондай-ақ, деструктивті радикалды діни ағымдардың арбауына түспеудің жолдары талқыланды.
Гүлназ РАЗДЫҚОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ САРАПТАМА ОРТАЛҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Ең алдымен көпконфессиялы қоғамның барлық деңгейлер, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін экстремизмммен күреске жұмылдыру қажет.
Конференцияға 120-дан астам адам қатысты. Әйелдер және жастар ұйымдарының өкілдері тәжірбиесімен бөлісті. Нәтижесінде жастар мен әйелдер ұйымдары дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына бірлесе жүргізуге келісті.
Д. Сапарқызы