Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елімізде прокурорлық тексерулер азайып келеді

AstanaTV
26.10.2018ж. 20:00
1839
Елімізде прокурорлық тексерулер азайып келеді

Қазақстанда прокурорлық тексерістер саны 6 есеге азайған. Есесіне құзырлы органның жұмыс сапасы артыпты. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен Парламент мәжілісі депутаттарының көшпелі отырысында айтылды. Мұндай жетістікке жетуге былтыр қабылданған «Прокуратура туралы» заңның әсері бар,-дейді жиналғандар. Осының негізінде прокурорлар монополистердің коммуналды қызмет көрсету бағасын негізсіз өсіргенін анықтаған. Нәтижесінде тұтынушыларға 15,5 млрд. теңге қаражат қайтарылу міндеттелген. Аталған заңдағы тағы бір жаңашылдық-«Электрондық қылмыстық іс жүргізу». Бұл да азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін күшейтетіні сөзсіз,-дейді депутаттар.  

Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ ЖӘНЕ СОТ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕФОРМАЛАР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Электрондық қылмыстық іс жүргізу не береді? Біріншіден, қылмыстық іс жүргізу белгілі бір мөлшерде ашық болады. Екіншіден, құжаттар дұрыс толтырылып, заңға сай болады және олар ешқайда жоқ болып кетпейді. Оған ешқандай өзгеріс енгізуге мүміндік болмайды. Ол сотқа дейінге істерге, сот жұмысына әділдік алып келеді деп сенеміз Елбасы айтқандай.

Р. Асқарбекұлы