Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

30 сарбаз десанттық шабуылдау әскеріне аттанды

AstanaTV
29.10.2018ж. 20:00
7265
30 сарбаз десанттық шабуылдау әскеріне аттанды

Астанада «Әскерге бару-азаматтық парызым!» ұранымен Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына жаңадан шақырылғандарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Десанттық шабуылдау әскеріне аттанатын 30 елордалық сарбаз әскери ант қабылдағаннан кейін елдің қорғанысын нығайту бойынша жауапты тапсырмаларды орындауға кіріседі. Айта кетейік, осы күзде Астана қаласынан әскерге 1 мың жас аттанбақ.  

Арман КЕРЕКБАЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:  

Біз командаларды роталарға бөліп береміз. Олар біздің Қарулы Күштерімізді әр салада жетілдіреді. Шекара қызметі болсын, мемлекеттік күзет болсын, әр бағыттар бөлінеді. Соңында Ұлттық ұланға командасы аттанады. Биылғы күзде Астана қаласынан 1000 адам әскерге шақырылады. Күзгі әскери шақытуда барлығы 20 мың адам әскерге барады деп отырмыз.

Биыл әскер қатарына қосылғысы келгендердің ішінде денсаулығынан өте алмағандар бар. «Майор» десанттық шабуылдаушы командасы үшін жауынгерлердің денсаулығы ғана емес, білімі де аса маңызды дейді. Ал, отанға қызмет етуді парыз санаған бұл сарбаздар өз еріктерімен әскерге баруға өтініш білдірген. Көбі бір жылда білек пен білім күшін барынша жетілдіріп, қызметтерін осы салада жалғастыруға ниетті. 

Игорь СТЕПАНОВ, ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫ:  

Мен десанттық-шабуылдау әскеріне баруға тырыстым. Онда әскер қатарынан өту үлкен мақтаныш. Әскерден есейіп, ақыл тоқтатып, жақсы жаққа өзгеріп келем деген ойдамын. Отан алдындағы борышымды өтеген соң, мен келісім-шартпен әскер қатарында қалуды жоспарлап қойдым.

У. Қабылтайұлы