Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Тараз дәріханаларында есірткі заты бар дәрілер заңсыз сатылып келген

Тараз дәріханаларында есірткі заты бар дәрілер заңсыз сатылып келген

Тараз дәріханаларында есірткі заты бар дәрілер заңсыз сатылған. Облыстық фармацевтикалық департамент пен полиция бірлесіп, қаладағы 10-ға жуық дәріхананы тексерген. Екі дәріхана есіріткі заты бар препараттарды құжатсыз сатқаны анықталыпты. Полиция дәрілердің адам денсаулығына зиян келтірмейтіні анықталса, 130 немесе 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлмен құтылуы мүмкін екенін айтты. Олай болмаған жағдайда сот жаза тағайындамақ.  

Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:  

Дәріхана қызметкерлері адам ағзасына зиян келтіретін дәрілерді рецептісіз сатқаны үшін, сондай-ақ 13 дана «Трамадол» пластинасын, 22 дана «Тропикамид» дәрісін құжатсыз сақтағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 426-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, сотқа жолданды. 

Сондай-ақ, адамды ақыл-есінен айыратын дәрілерді қолдануда дәрігерлердің де жұмысынан шикілік шығып отыр. Облыстық Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Диагностикалық орталықтың жұмысын да тексерген. Орталықтың онколог-дәрігерінің есірткі және психотроптық заттарды қолдануға рұқсаты болмаған. Соған қарамастан ем жасап келген. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 303--ші бабының 1-ші бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

Д. Әлімқұлов