Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Мемлекет басшысы Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады

AstanaTV
29.10.2018ж. 20:00
2955
Мемлекет басшысы Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Индонезиядағы ұшақ апатына қатысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Ол Индонезия Президенті Джоко Видодо атына жолданған. Жазбада Қазақстан халқының және өзінің атынан қаза тапқандар туыстарының қайғысына ортақтасатыны жазылған. Сыртқы істер министрілігінің өкілдері қаралы рейсте қазақстандықтар болмағанын хабарлады. Ал, құтқарушылар қаза тапқандардың мүрделерін теңізден шығарып жатыр. Аман қалған адам жоқ көрінеді. Бүгін Boeing 737 жолаушылар ұшағы Джакарта әуежайынан ұшқаннан кейін Ява аралының жағалауында құлаған. Іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Жолаушылардың жеке заттары мен теңіздің 35 метрлік тереңдігінде ұшақ сынықтары табылған. Жергілікті БАҚ деректері бойынша, қаза тапқан жолаушылардың отбасылары мемлекеттік сақтандыру компаниясынан 3 мың долларға жуық өтемақы алады.  

Джоко ВИДОДО, ИНДОНЕЗИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Біз ұшақта болған жолаушылардың отбасыларын жақсы түсінеміз. Дегенмен, іздестіру операциясының аяқталуын күтуге шыдамдары жетеді деген үміттеміз. Оқиға орнындағы команда бар күшін салып жатыр.  

Буди ВИРИЯНТО, BASARNAS ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЕҢСЕРУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ АГЕНТТІКТІҢ ӨКІЛІ: 

Біз бірнеше құжаттарды, паспорттарды, жүргізуші куәліктерін, медициналық сақтандыру және чек кітапшаларын таптық. Бүгін бізге 150 адамнан тұратын әскери және полиция қосылды.