Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30-дан 50 пайызға дейін артады

AstanaTV
30.10.2018ж. 20:00
7315
Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30-дан 50 пайызға дейін артады

Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30-дан 50 пайызға дейін артады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты. Ол мектепке дейінгі білім сапасын көтеру мәселесі бойынша дайындалған жол картасы сенаторларға таныстырылды. Елде балабақша тапшы. Кадрлардың жетіспеушілігі тағы бар. Бүгінде балабақшаларда 55 мыңға жуық тәрбиеші жұмыс істейді. Бірақ, олардың тек жартысының ғана арнайы білімі бар. Салаға қызығушылар аз. Оған бірнеше себеп бар. Министрлік тәрбиешілерді дайындау үшін жыл сайын білім грантын көбейтіп отыр. Алайда, 9 мың түлектің 10 пайызы ғана жұмысқа орналасады. Министрлік олардың жалақыларын көбейтуді ұсынады. Тестілеуден өтсе, айлық 30-50 пайызға артпақ.  

Ерлан САҒАДИЕВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Біріншіден-бірыңғай біліктілік, мұғалімдерге сияқты ұлттық тестілеуді енгізу. Биыл 60 мың мұғалім бізге келіп, ұлттық тестілеуден өтті. 36 мың мұғалім жоғары баға алып, жаңа біліктілікке ие болды. Сонымен айлықтары 30-50 пайызға дейін көтеріліп отыр. Енді соның бәрін тәрбиешілерге ұсынып отырмыз.

Бұдан былай педагогикалық жоғарығы оқу орындары мен колледж түлектеріне ұлттық кәсіби тест тапсыру міндеттелуі мүмкін. Министрлік осындай өзгеріс енгізуді қарастырып жатыр. Ол келер жылы енгізілуі мүмкін. Ол кезде жас мамандар біліктіліктерін дәлелдеп, жалақыларын 50 пайызға дейін көтере алады.