Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Нұр Отан» партиясының хатшысы И.Теренченко Қызылжар өңіріне барды

AstanaTV
30.10.2018ж. 20:00
2397
«Нұр Отан» партиясының хатшысы И.Теренченко Қызылжар өңіріне барды

«Нұр Отан» партиясы ұсынып отырған 22 тың жобаның арқасында өңірлердің инвестициялық тартымдылығы арта түседі. Бұл жайында «Нұр Отан» партиясының хатшысы Илья Теренченко теріскейге жасаған жұмыс сапарында хабарлады. Жетекші партия өкілі алдымен «Қызылжар су» серіктестігінің жұмысымен танысып, бастауыш партия ұйымымен кездесті. Артынша, ол өңір белсенділерімен тілдесті. Тың бастаманың аясында геоақпараттық-онлайн қызмет көрсету жүйесі құрылмақ. Демек, әрбір қаланың электронды сызбасы жасалып, бос жатқан жер учаскілерінің инфрақұрылымы жөніндегі барлық ақпарат көрсетілмек. Жұмыс сапарының соңында Илья Теренченко Қызылжар ауданындағы жаңадан бой көтерген 30 пәтерлі тұрғын үйдің сапасын бақылады.  

Илья ТЕРЕНЧЕНКО, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: 

Ауданда көпқабатты үйлердің салынғаны өте жақсы. Мұнда барлық жағдай жасалған. Бұл халықтың әлеуметтік жағдайына оң ықпал етеді. Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысы соңғы екі жылда қарқынды дамып кетеді. Көптеген нысандар тұрғызылып жатыр. Бұл аймаққа инвесторлардың қаражат құйып жатқаны байқалып отыр.  

Ал, Ақмола облысында «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалы кезекті XXIХ есептік-сайлау конференциясын өткізді. Жиында ауа райының қолайсыздығына қарамастан, астық жинау науқаны табысты аяқталғаны белгілі болды. Биыл 4,3 млн.гектар жерден 5,5 млн.тонна астық жиналған. Сондай-ақ, осы сала облыс тұрғындарының 30%-ын жұмыспен қамтыған. Биыл агроөнеркәсіпті дамытуға 30 млрд. 400 млн. теңге субсидия бөлінген. 2 мыңға жуық шаруашылық мемлекеттік қолдауға ие болды.  

Д. Сапарқызы