$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Моңғолия Президенті аштық жарияламақ

AstanaTV
31.10.2018ж. 20:00
2826
Моңғолия Президенті аштық жарияламақ

Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга егер парламент өз-өзін тарату туралы шешім қабылдамаса, аштық жариялайтынын немесе бір орында отырып ереуіл жасайтынын мәлімдеді. Бұл жөнінде Bloomberg агенттігі Моңғолия телеарнасына сілтеме жасап, хабарлайды. Моңғолия басшысы парламентті экономикалық дағдарыстарға төтеп бере алмай келеді деп сынаған. Және ол халықаралық валюта қорынан да көмек сұраған. Бірақ, үкімет ешқандай қолдау көрсетпепті. Bloomberg Баттулганың бұл әрекетін 2020 жылы өтуі тиіс парламент сайлауы алдындағы саяси жүріс деп есептейді. Ол басқаратын демократиялық партия парламенттен көп орын алуды көздейді. Партия қазір Ұлы халық хуралында 25 пайыз мандатқа ие. Қалған мандат Моңғолия халықтық партиясының қолында. Жергілікті сарапшылар Президент өз әкімшілігінің құзыретін де кеңейткісі келетінін айтады.

У. Қабылтайұлы