Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Итальяның Савона айлағында «Maserati» қымбат көліктері өртеніп кетті

AstanaTV
31.10.2018ж. 20:00
2441
Итальяның Савона айлағында «Maserati» қымбат көліктері өртеніп кетті

Италиядағы толассыз жауын мен дауылдан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті. Көбі желдің екпінімен құлаған ағаш астында қалып қойған. Ал, бүгін Савона айлағында жарылыс болып, «Maserat»i сәнді көліктерінің күлі көкке ұшты. Темір тұлпарлардың барлығы дерлік Таяу Шығысқа экспорттауға қойылған. Жергілікі ақпарат құралдарының хабарлауынша, өрт сымдардың қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін. Ал, Генуа портының желісі басқармасының ақпарынша, түнде порттағы екі автотұрақтың су басып кеткені, сымдардың тұйықталуына әкеп соққан. Люкс автокөліктен бастап өзге де маркалы жеңіл көлік өртке оранған. Жергілікті ақпарат құралдары 1000-ға жуық автокөліктің зақымданғанын жазады. Алайда, Ұлттық өртке қарсы қызметтің ресми ақпаратына сүйенсек, 150 көлік өртенген.  

Д. Сапарқызы