Негізгі / Жаңалықтар / Астана қаласында құрсақта шетінеген шақалақтың әке-шешесі оның өліміне дәрігерлерді кінәлады

Астана қаласында құрсақта шетінеген шақалақтың әке-шешесі оның өліміне дәрігерлерді кінәлады

Бала өліміне қатысты тақыроыпқа оралсақ... Астанада құрсақта шетінеген шақалақтың әке-шешесі оның өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. 38 апталық жүктіліктегі Айгүл Қожахметова қаладағы №3 перенатарлық орталыққа жеткізілген. Дәрігерлер баланың жүрегі соқпай қалғанын айтқан. Дәрігерлер не дейді? Тараптарды тілшіміз тыңдап келді.   

Айгүл Ходжахмедова қазанның 25 күні қаладағы №3 перенатарлық орталыққа жеткізілген. Алғашында тексерген дәрігер құрсақтағы баланың жүрегі соғып тұрғанын айтқан. Кейіннен ауруы күшейіп, дәрігерлер ультрадыбыстық зерттеу жасауды ұйғарған. Дегенмен, Айгүл қажетті дәрігер орнынан табылмай, арада 40 минут өткен дейді.  

Айгул ХОДЖАХМЕДОВА, ЗАРДАП ШЕГУШІ:  

Аурухананың қабылдау бөлмесіне келдім. Жүрек қағысын тексеріп, бар деді. Тұрғанымда қансырау басталды. Сосын үстіңгі қабатқа көтерді. Онда узистті тосып қалдық. Кейіннен толғақ басталды... Узист 40 минуттан кейін келді.

Ал, дәрігерлер пациенттің айтқанын жоққа шығарып отыр. Орталықтың тарапынан барлық тиісті көмек уақытында көрсетілген. Бала ананың ішінде шетінеп кеткендіктен, операция жасау арқылы біз ананың өмірін сақтап қалуға тырыстық дейді. 

Зайтуна ХАМИДУЛЛИНА, №3 ПЕРИНАТАРЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: 

Айгул Ходжахмедова бізге 25-і күні, сағат түнгі 12-лерде түсті. Алғашқы қойылған диагноз бойынша оған тиісті көмек көрсетілді. Узи анықтамасынан кейін баланың іште шетінеп кеткені анықталды. Пациенттің өмірін сақтап қалу үшін операция жасадық. Осыған дейін де 2016 және 2017 жылдары екі рет жүкті болғанда да нәрестелері құрсағында шетінеп кеткен. Сондықтан, дәрігерге барып, жүктілікті жоспарлауы қажет еді.

Ал, пациент арнайы ем қабылдап, дәрігердің бақылауында болғанын айтады. Істің ақ-қарасын анықтау үшін ортағасы полицияға арыз жазған. 

София КОЛЫШБЕКОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ ІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 317 бабы, яғни кәсіптік міндеттерін тиісті орындамағаны адам өліміне әкеп соққан дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеріс жұмысы атқарылуда. Арыздың көшірмесі Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жіберілді. Бұл информацияның нақтылығын күтудеміз.

Полиция қызметтік тексеріс жүргізуді де талап етпек. Ал, баланың неден шетінегені сот-медициналық сараптамасынан кейін белгілі болады.   

Ә. Өмірзақ