Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Бразилия Қазақстан уранын импорттауға қызығушылық танытып отыр-елші

AstanaTV
31.10.2018ж. 20:00
2570
Бразилия Қазақстан уранын импорттауға қызығушылық танытып отыр-елші

Бразилия Қазақстан уранын импорттауға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Қазақстанның Бразилиядағы елшісі Қайрат Саржанов мәлімдеді. Алайда, уранды сатып алу Бразилия заңнамасына сәйкес, тендерлік негізде жүзеге асады. Оның қашан жариялайтыны әзірге белгісіз. Қазір екі ел арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану туралы жобаны жүзеге асыру үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр.  

Қайрат САРЖАНОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БРАЗИЛИЯДАҒЫ ЕЛШІСІ: 

Қазақстанға сапарға шығар алдында INB президентімен кездестім. Біздің ұлттық компаниямен ынтымақтастық мүмкіншіліктерін жан-жақты талқыладық. Бразилиялық мамандар қазақстандық сарапшыларды Рио-де-Жанейродағы атом стансасына келуге шақырады. Сондай-ақ, елдегі табиғи уран концентратын алдағы уақытта да импорттауға қызығушылық танытып отыр.

Айта кетейік, мамыр айында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы бразилиялық INB компаниясына табиғи уран жеткізу бойынша халықаралық тендерді жеңіп алған еді. Қазақстан тарапы уранды уақтылы экспорттады. Елшінің айтуынша, келісімшарт сомасы 13,7 миллион АҚШ долларын құраған. 

А. Бектас