Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Мұнай саласын цифрландыру көлеңкеден 23 млрд теңгені шығаруы мүмкін-Б. Ақшолақов

AstanaTV
31.10.2018ж. 20:00
3195
Мұнай саласын цифрландыру көлеңкеден 23 млрд теңгені шығаруы мүмкін-Б. Ақшолақов

Мұнай саласын цифрландыру көлеңкеден 23 млрд теңгені шығаруы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрінің орынбасары Болат Ақшолақов айтты. Министрлік «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына 8 жоба ұсынып отыр. Солардың бірі-мұнайды есепке алу. Енді қара алтынды өңдеуден бастап, зауытқа жібергенге дейінгі процесс сандық жүйеде бақыланады. Жоба саладағы көлеңкелі айналыммен күресуге жол ашып, салық түсімін арттырмақ.  

Болат АҚШОЛАҚОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Министрлікпен тағы «Smart Grid» тұжырымдамасын әзірлеу жоспарланып отыр. Ол энергетиканың барлық саласында жүзеге асады. Ал, жалпы цифрландыруды жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі 143 млрд теңгені құрауы мүмкін.  

А. Бектас