Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

ІІМ мен әкімдіктер парақорлықтан көш басында

AstanaTV
31.10.2018ж. 20:00
1832
ІІМ мен әкімдіктер парақорлықтан көш басында

ІІМ мен әкімдіктер жемқорлар көшін бастап тұр. 9 айда 2 626 парақорлық қылмысы тіркеліп, мемлекетке 3,26 млрд теңге шығын келген. Бұл туралы «Информбюро» Бас прокуратура есебіне сілтеме жасап хабарлады. Пара алу, беру, лауазымды асыра пайдалану, мүлікті заңсыз иемдену, ұрлау және алаяқтық ісі жайлап тұр. Алайда, парақорлар келтірген шығынның 2,2 млрды ел қазынасына қайтарылған. Ал, мемлекеттік қызметтерлердің 787-сі жемқор деген күдікке іліккен. Бірақ, бұлардың төртеуін ғана осы қызметкерлер жұмыс істейтін құзырлы мекеме ұстап берді. Парақорлықтан Ішкі істер министрлігі көш басында. Салада 233 адам сыбайластыққа жол берген. Олардың 23-і қылмыстық атқару жүйесі, 5-і Төтенше жағдайлар комитеті, 3-і Ұлттық гвардия қызметкерлері. Қара тізімге іліккендер қатарында әкімдік қызметкерлері мен Мемлекеттік кірістер комитеті бар. Ал, Білім және ғылым, Қоғамдық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірде бір «Бармақ басты, көз қысты» әрекетке жол бермеген көрінеді. Ұлттық бюро елдегі ең жемқор 3 әкімдікті атады. Көш басында 122 жемқорлық дерегімен Астана көш бастап тұр. Екінші және үшінші орында Қостанай мен Түркістан облыстары.  

А. Бектас