$494.87 €520.65 ₽4.91
×

БАҚ: АҚШ Иранға қарсы санкцияларды жұмсартпақ

AstanaTV
02.11.2018ж. 20:00
2673
БАҚ: АҚШ Иранға қарсы санкцияларды жұмсартпақ

АҚШ Еуропалық елдердің қысымымен Иранға қатысты санкцияларды жұмсартуы мүмкін. Ол кезде Иран мұнайын сатып алушы елдер шикізат алуды жалғастырмақ. Бұл тізімде Қытай, Оңтүстік Корея, мен Үндістан да бар. Бүгін «The Washington Free Beacon» басылымы осындай ақпарат таратты. Вашингтон қазір шектеулерді жеңілдетуді талқылап жатқан көрінеді. Бұдан бөлек Тегеранға халықаралық банкаралық ақпарат беру мен Иран экономикасы үшін өте маңызды төлемдер жасау жүйесін пайдалануға мүмкіндік берілуі мүмкін. Айта кетейік, Иранға қарсы шектеулер 7 тамызда енгізілген еді. Санкциялардың тағы бір толқыны 5-ші қарашада енгізілуі тиіс болған. Вашингтон Иранның мұнай экспортын нөлге жеткізетінін, ол үшін басқа елдерді Иранмен байланысты үзуге шақырған еді.  

А. Төребекқызы