Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Кәсіпқой боксшы, накоутер Батыр Жүкембаев АҚШ-қа қоныс аудармақ

AstanaTV
02.11.2018ж. 20:00
3185
Кәсіпқой боксшы, накоутер Батыр Жүкембаев АҚШ-қа қоныс аудармақ

Қазақстан кәсіпқой боксының өкілі Батыр Жүкембаев алдағы уақыттары Канададан АҚШ-қа қоныс аударуы мүмкін. Қарсыласын тек «Накоутпен жеңу» стилімен танылған қазақ боксшысы биік шыңдарды бағындыру үшін Америкада жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Бірінші жартылай орта салмақта ел намысын абыроймен қорғап жүрген жерлесіміз бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Батыр «777» деген лақап атпен осы күнге дейін 14 сайыс өткізіп, оның 12-сін накоутпен жеңді. Әлі «Жамбасы жер иіскемеген» спортшы 6-қазанда Канаданың Квебек қаласында мексикалық боксшы Патрисио Мореноны жетінші раундта сұлатып салды. Ол қазір өз дивизонымда әлемдегі үздік 30 боксшының арасына кіріп тұр. Бұл титулды айқастар өткізу үшін жақсы мүмкіндік. Батырды спортсүйер қауым Головкиннің ізбасары болады деген баға берді.  

Батыр ЖҮКЕМБАЕВ, КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ:

Менің мақсатым-АҚШ-те жекпе-жек өткізу. Себебі, бұл ел бокстың «Меккесі». Головкиннің соңғы бойында болдым. АҚШ-тың атмосферасы ұнады. Мені Головкинмен салыстырып, оның ізбасары деп атағаны әрине қуантады. Дегенмен, менің өз стилім және өз жолым бар. Тарихта қазақ боксының жаңаша үлгісін көрсеткен чемпион ретінде қалғым келеді. Басты мақсат-осы.  

Р. Асқарбекұлы