Адам өлімі болған Шудағы шойын жол апатының себебі анықталды. Теміржол төсеніші жоспарға сай уақтылы жөнделмегендіктен қисайып кеткен. Тергеу қорытындысын жариялаған Бас көлік прокуратурасы апатқа 3 адамды кінәлі деп тапқан. Пойыз жол бағытының қалыпты болуына жауапты-«Шу шойын жол қашықтығы» бекеті бастығының орынбарасы және №2 участке бастығы мен оның орынбасарына айып тағылып отыр. Қылмыстық іске қатысты 700-ден астам адам сұралған. Іс Шу аудандық сотына жіберіліпті. 17 маусымда Жамбыл облысында Астана-Алматы бағытындағы «Бәйтерек» жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Апат кезінде бір жасөспірім қайтыс болып, 3 адам жарақат алды.
Д. Әлімқұл