Негізгі / Жаңалықтар / Астанада қызметін асыра пайдаланатын жүргізушілер қатаң қадағаланбақ

Астанада қызметін асыра пайдаланатын жүргізушілер қатаң қадағаланбақ

Биыл Астанада жолаушылар тасымалдауда түрлі заңбұзушылыққа жол берген жүргізушілер мен кодукторлар 27 миллион теңге айыппұл арқалаған. Бұл туралы бүгін брифингте «АСТАНА LRT» компаниясының өкілдері айтты. Оларға бір аптада тұрғындарда 100-ге жуық электронды шағым түскен. Енді қызметін асыра пайдаланатын жүргізушілер қатаң қадағаланбақ.  

Бейбіт ЕСЖАНОВ, «АСТАНА LRT» ЖШС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

441 автобус жүргізушісі қара тізімге енгізілді. Оларды тәртіпке келтіреміз. Бірақ, бізге уақыт керек. 1 жыл ішінде барлығын ретке келтіреміз деп ойлаймын.

  Брифингте суықта қатып қалып, тиын ақша ғана алатын арнайы терминалдар туралы да айтылды. Яғни, төленген ақшаны қайтарып алу операциясы реттелмек. Мамандар электронды төлем жүйесі әлі де жетілдірілетінін айтты.  

Дәурен НҰРӘЛИЕВ, «АСТАНА LRT» ЖШС ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Біз қала бойынша 100 ге жуық агенттік пунктерді ашпақшымыз. Ол сіздердің карточкаларыңызды қалай толтырып жатырсыздар бәрін қарайды. Ол көліктік төлем, қашықтықтан толтыру, активация жасау барлығын қарастырмай, сол мезетте толтыру мүмкіндігін береді.  

У. Қабылтайұлы