Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматы облысында сәби саудасымен қолға түскен айыпталушыларға қатысты алғашқы сот отырысы басталды

AstanaTV
02.11.2018ж. 20:00
2607
Алматы облысында сәби саудасымен қолға түскен айыпталушыларға қатысты алғашқы сот отырысы басталды

Алматы облысында сәби саудасымен қолға түскен айыпталушыларға қатысты алғашқы сот отырысы басталды. Тірі жанды тауарға айналдырғандар саны бесеу. Олар биыл жазда жаңа туған нәрестені 1 миллион теңгеге саудаламақ болған жерінде құқыққорғаушылар қолына түскен еді. Олжас Нұржақып сот отырысында белгілі болған жайттармен бөлісуге дайын. Олжас... 

Олжас НҰРЖАҚЫП, ТІЛШІ:

Иә, Ләйла. Бұл іс бойынша айыпталушылар саны бесеу. Олар: нәрестенің туған анасы мен әжесі, баланы сатып алмақ болған адам. Және Қаскелең пеорзентханасының 2 дәрігері.   

Алайда, айыптау орындығында сәбидің анасы ғана отыр. Қалғандары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандыққа жіберілген. Белгілісі кепілмен босатылған сатып алушы тараптың 12 миллион теңге кепіл соммасын өтегендігі. Бұлардың барлығы Қылмыстық Кодекстің 135 бабы, 2 бөлігі бойынша яғни, «Кәмелет жасына толмаған баланы сату-сатып алу» дерегімен айыпталып отыр. Істі Қаскелеңдегі №2-ші кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр.  

Олжас НҰРЖАҚЫП, ТІЛШІ: 

Судья Берік Күзембай БАҚ өкілдерін соттың басын ғана түсіруге рұқсат берді. Ары қарай жабық есік жағдайында жалғасты. Тағы бір айта кетерлік жайт, бүгінгі процеске баланы қамқорлыққа алу органының өкілдері де қатысты.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА: 

Олжас, ал сәбидің өзі қайда, оның тағдыры не болады, біле алдыңыз ба?

Олжас НҰРЖАҚЫП, ТІЛШІ:

Облыстық ішкі істер департаменті өкілінің айтуынша, сәби перзетханадан бірден бөбектер үйі қарауына берілген. Ал, жақындарына қайтару немесе қамқорлыққа алу органына беру-бермеу мәселесі осы сот барысында шешілмек. Сондықтан, сәбидің қазіргі тағдыры белгісіз. Қаскелең ауруханасындағы жаға ұстатарлық жағдай жазда болған еді. Нәрестені дүниеге әкелген 20 жастағы келіншек аяғының ауырлығын біле сала түсік тастауға бекінген. Бірақ, анасы рұқсат бермеген. Кейін олар дәрігерлермен келісіп, шақалақты 1 миллион теңгеге саудаламақ болып уағдаласқан деп айыпталып отыр. Ләйлә, мендегі ақпарат осы.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА:

Рахмет, Олжас, алматылық тілшілеріміз бұл істі аяғына дейін бақылайтын болады.

О. Нұржақып