Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдары жұмыстарына есеп беруде

AstanaTV
02.11.2018ж. 20:00
2139
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдары жұмыстарына есеп беруде

Ақтөбе облысында келесі жылдан бастап барлық аудандық кітапханалар сандық жүйеге көшпек. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының аймақтағы филиалы өткізген 25-ші есеп беру-сайлау жиынында айтылды. Қазір облыста төрт кітапханада коворкинг орталығы ашылыпты. Сондай-ақ, 25 IT-сынып балаларға тегін білім беріп жатыр. Бүгінгі күні партияның 44 мыңнан астам мүшесі бар. Есепті кезеңде оның құрамына жеті мың адам қабылданды. Жиынға қатысқан партия хатшысы Илья Теренченко партия белсенділеріне Президенттің жуырдағы Жолдауын халыққа қарқынды жеткізуді тапсырды.  

Илья ТЕРЕНЧЕНКО, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: 

Партия қатары азаматтық қоғамда белсенді жұмыс жасау үшін өз тілеулестерімен толыға түскені жөн. Елбасының сындарлы саясаты мен халыққа Жолдауын насихаттауда «Нұр Отан» партиясының қоғамдағы үлесі мен белсенділігін барынша арттырғанымыз абзал. Осы мақсаттарда биыл құрылған Республикалық аймақтық қоғамдық кеңес пен тәуелсіз ұйымдармен бірлесе отырып, Елбасының бес әлеуметтік бастамасының орындалуын қатаң бақылауға алуға тиіспіз.    

«Нұр отан» партиясының өңірлердегі филиалдарында жергілікті депутаттар қоғамдық тыңдаулар өткізіп, халықты толғандырған мәселелерді бірге шешу жолдарын қарастыру қажет. Тоқсан сайын әрбір депутат халықпен кездесіп, оларды мазалаған сұрақтарға жауап беру ісі қолға алынбақ. Бұдан өзге «Әлеуметтік мониторинг» жобасын да жүзеге асыруды жоспарланып отыр. Партия Хатшысы Қаныбек Жұмашев партия белсенділеріне халыққа жақын болу қажеттігін түсіндірді.  

Қаныбек ЖҰМАШЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: 

Маслихаттардың жұмысында айқындық жоқ. Халық олардың қандай мәселелер қаралып жатқандығынан хабарсыз. Менің өзім бір кездері депутат болдым. Бір басқарма басшысы тыңдалады. Мәселен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселесі болсын. Қанша ақша бөлінгені, қайда жұмсалғаны қозғалады. Бірақ, барлығынан халық хабарсыз болады. Меніңше, осылардың жұмысына кішкене өзгерістер енгізу керек.  

Б. Рахметова