Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Павлодардағы балабақшалар инновацияға бет бұрған

AstanaTV
05.11.2018ж. 20:00
4483
Павлодардағы балабақшалар инновацияға бет бұрған

Ал, Павлодарда балабақша тәрбиешілері 40 мың теңгеге жұмыс істейді. Соған қарамастан мектепке дейінгі мекмелер бала тәрбиесінде ерекше әдістер қолданып жатыр. «Баланы жастан» қағидасын ұстаған мамандар балдырғандарды қазірден шығармашылыққа баули бастаған. Ересектер көмегімен бейнетаспаға сұқбат жазып, тіпті газет шағаруды меңгеріп жүрген «Кішкентай журналистермен» Әсемгүл Мұхитқызы танысып қайтты.  

Бұл қаладағы нөмірі 126-шы балабақшаның тәрбиеленушілері. Жас тілшілер ұстаздардан үйренгенін қайталап әлек. Биылдан бастап оқу бағдарламасына «Жас тілші» пәні енгізілген. Балалар тәрбиешілердің көмегімен шағын газет те шығарып жүр.  

Бақыт ҚЫРЫҚБЕСОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Бұл-инновациялық бақшалар, балаларды жалпылама дамытуға негізделген мамандандырылған балабақшалар деуге болады. Олардың жұмысы белгілі бір бағытпен жүргізіледі. Мәселен, қалада 7 инновациялық мектепке дейінгі мекеме бар, екеуі бұл статусқа 2018 жылдың 1 қыркүйегінде ие болды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Мекеме басшысының айтуынша, маман тапшы. Әсіресе, тәрбиешінің көмекшілері жетіспейді. Олар ауыр жұмыс пен аз жалақыдан тұрақтамайтын көрінеді.   

Марина ЗЫКИНА, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ №126 БАЛАБАҚША ЖЕТЕКШІСІ: 

Мамандар келеді, көп жағдайда баласы осында болған соң, жұмыс істейді. Балабақша жасынан асқан бетте кетіп қалып жатады. Өйткені, жұмысы ауыр. Ал, жалақысы өте аз. Шынын айтқанда, білікті мамандарды ұстап қалу қиын болып барады.

Кристина-тәрбиешінің көмекшісі. Бес жылдық тәжірибесі бар маман. Айлығы аз болса да жұмысы өзіне ұнайды.  

Кристина СИКАЧ, ТӘРБИЕШІНІҢ КӨМЕКШІСІ: 

Айлығым 40 мың теңге. Бұл-атқарған барлық жұмысым үшін алатын жалақым. Яғни, екі топтағы балаларға бас-көз болғаным үшін, еңбек өтілім мен қызметтегі зияндық үшін берілетін ақы. Бәрін қосқанда осы сома шығады. Әрине, ол түкке жетпейді.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ, ТІЛШІ: 

Тәрбиешінің көмекшісінің жұмысы таңғы 8-ден басталады. Осы жерде мен шамамен 10 сағаттай болуым керек. Осы уақыт аралығында балаларды тамақтандырып, ыдыстарын жинау, тіпті арасында еденді де жуамын.

Павлодарда 100 балабақшада 20 мың бала тәрбиеленеді. Онда 2 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Президент соңғы Жолдауда мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі өзгертуді тапсырған болатын. Баланың ойлау қабілетін ұштау, заманға сай дамуына назар аудару қажеттігі айтылған.   

  Ә.Мұхитқызы