Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыда «Бастау» студенттік фильмдер Халықаралық кинофестивалі өз жұмысын бастады

AstanaTV
05.11.2018ж. 20:00
2751
Алматыда «Бастау» студенттік фильмдер Халықаралық кинофестивалі өз жұмысын бастады

Алматыда «Бастау» студенттік фильмдер Халықаралық кинофестивалі өз жұмысын бастады. Осымен жетінші рет ұйымдастырылып отырған шараға 35 елден 320 өтініш түскен. Бірақ іріктеу барысында байқауға тек 12 мемлекеттен 47 туынды ғана өтіпті. Енді алдағы 3 күн ішінде үздік кинофильмдерді халықаралық қазылар сарапқа салады. Айта кетейік, байқаудан бөлек, көп күндік шара барысында фестиваль қонақтары мен қазылар алқасынан құралған кәсіби мамандар жас таланттармен кездесіп, шеберлік сағаттарын өткізеді. Ұйымдастырушылар байқау-киномектептер мен студенттерге үлкен мүмкіндік береді, дейді.  

Сергей ӘЗІМОВ, «БАСТАУ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КИНОФЕСТИВАЛЬ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Фестивальдің ерекшелігі-жастарға арналған. Бірінші қадам жасау ол оңай емес. Осы бірінші қадамы оң болсын, дұрыс болсын де п біз осы жастарға әрекет жасап жатырмыз. Жағдай туғызып жатырмыз. Сол себептен мына «Бастауымыз» жетінші рет өткізілгеніне біздің қуанышымыз шексіз. 

О. Нұржақып