Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Қазақстан «Doing Business» рейтингінде көтерілмек ниетте

AstanaTV
05.11.2018ж. 20:00
2228
Қазақстан «Doing Business» рейтингінде көтерілмек ниетте

Қазақстан келер жылы «Doing Business» рейтингінде тағы да көтеріліп, 16-шы орындағы Эстонияға жетуге ниетті. Digital bridge халықаралық инновациялық форумында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев осылай,-деді. Қазақстан биыл бизнес жүргізуге қолайлы елдер рейтингінде 8 сатыға көтеріліп, 28 орынға жайғасқанымен, халықаралық сауда көрсеткішінде 102 орында.  

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: 

Бұл көрсеткіште кенже қалуымызға теңізге шығу мүмкіндігіміздің жоқтығы, аумағымыздың үлкендігі, шекара өткеліндегі жүйенің автоматтандырылмауы әсер етіп отыр. Енді шекарадағы тауар өтімділігі ескеріліп отыр. Биыл біз бұл бағдарламаны енгіздік. Сондықтан, келер жылы халықаралық сауда көрсеткішінде басқа көрсеткіштер болуы керек. Эстония маңында боламыз деп сенеміз.

Digital bridge форумында старт-ап жобалар таныстырылды. Жақында электронды қызмет түрлерін саусақ іздері не фото арқылы алуға болады. Жобаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы әзірлеп жатыр.   

Абылайхан ОСПАНОВ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Бұл азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, биометриялық параметрлерін яғни, фотосы мен саусақ іздерін ерікті түрде қалдыра алады деген сөз. Ал, болашақта Халыққа қызмет көрсету орталығы, смартфон немесе қоғамдық қол жеткізу пункттері арқылы іске қоса алады.

Г. Меңдеева