Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Сирияда қайтыс болған әйелдер туралы ақпартты СІМ тексереді

AstanaTV
05.11.2018ж. 20:00
2829
Сирияда қайтыс болған әйелдер туралы ақпартты СІМ тексереді

Сирияда отандастарын ақша үшін өлтірген үш қазақстандық әйелге қатысты ақпарат тексеріліп жатыр. Бұл жайында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр хабарлады. Естеріңізге салсақ, «Ақтөбе таймс» басылымы Сириядағы әйелдер мен балаларды еліне қайтарумен айналысатын Солтүстік Кавказдағы бір қоғамдық ұйымға сілтеме жасап, Сирияда қазақстандық 3 әйел өздеріне отандас 3 келіншек пен бір баланы өлтірген деген материал басқан. Олар елге қайту үшін ақша тартып алмақ болған. Бірақ, қайта алмаған. Басылымның жазуына қарағанда, олардың өздерін содырлар өлтірген көрінеді.  

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:   

Бұл ақпаратты қазір біз тексеріп жатырмыз, не рас , не өтірік екенін айта алмаймыз. Ол да біраз уақыт алады. Өйткені, біз Иорданиядағы елшілігімізге тапсырма бердік. Содан басқа құқық қорғау органдарымен бірлесіп тексеріп жатырмыз.

Сондай-ақ, Сырты істер министрлігі Қытайға нота жолдағынын мәлімдеді. Жуырда инернетте Қытайда қалған ата-аналарымен қауыша алмай жүргені мектеп жасындағы балалардың видеосы тараған. Онда әке-шешелері Шыңжаң округіндегі түрмелердің бірінде отырғаны айтылады.  

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:    

Балалардың әке-шешесінің біразы біздің Сыртқы Істер Министрлігімен хабарласпаған. Сондықтан, біздің оларға айтатынмыз ресми түрде СІМ хабарласқаны жөн. Бірақ, біз көбісінің әке шешесі туралы біз білеміз.