Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Кедейлік шегі көтеріледі

AstanaTV
05.11.2018ж. 20:00
6860
Кедейлік шегі көтеріледі

Елімізде кедейлік шегі көтеріледі. 2025 жылға дейін ол ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпек.  

Қазір кедейлік шегі 14142 теңгені құрайды. Бұл күнкөріс деңгейінің тең жартысы. Осы көрсеткіш алдағы 6 жылда 70 пайызға дейін көтеріледі деді Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі. Сонда атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізетіндер саны біршама өсетіні анық. Қазір бұл жәрдемақы 500 мыңнан астам жанға тағайындалған. Сондай-ақ, депуттар отбасының табысын есептегенде одан мүгедектігіне байланысты алатын жәрдемақы мен студенттердің шәкіртақысын қоспауды сұрады. Бұл ұсынысты министр ханым қолдап, болашақта Заңға өзгерту енгізуге дайын екендігін хабарлады.

Мәдина ӘБІЛҚАСЫМОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:   

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілген 9 айды АӘК алатындар жан басына шаққандағы табысы 7306 теңгеден 12809 теңгеге немесе ,1,8 есеге өсті, 2017 жылмен салыстырғанда АӘК мөлшері 2 есеге жуық өсіп, бір адамға айына 4870 теңгені құрайды. Отбасына арналған төлемнің орташа мөлшері бір тоқсанға шамамен 76 мың теңгені құрады, кедейлік жағдайдан 44400 адам шықты.