«Мемлекеттік
сатып алу заңнамасы өрескел бұзылып отыр. Әсіресе, құрылыс саласында
шенеуніктер тарапынан жасалатын
құйтырқылықтар көп». Бір топ кәсіпкер осындай шағымын Шығыс Қазақстан
облыстық кәсіпкерлер палатасына жолдады. Олар
мемлекеттік байқауға қатысудың қиындағанын айтады. Мәселен, мектептің
асханасын жөндеу үшін құрылыс фирмасына 32 тонналық көтерме және 50 метрлік
көпір кран болуы керек деген талап қойылатын көрінеді. Пластик терезелерді
ауыстыру үшін қосымша жобалау-техникалық бөлім ашуға мәжбүрлейтіні тағы бар.
Мұның барлығы кәсіпкерді ығыстырудың амалы. Ашынған бизнесмендер енді
прокуратурамен бірлесе жұмыс істеуге ниеттеніп отыр.
Дина
Мұхамеджанова, ШҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:
Жоғары
талаптарды әдейі қояды. Сөйтіп, кәсіпкердің
ісін бұғаулайды. Ал соңында бәрі болмайтын болып шығады. Осылайша шенеуніктер
кәсіпкерлердің мемлекеттік байқауға қатысу құқығын шектеп отыр.
Құралай ПИОНЕР