Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шығыс Қазақстанда су құзғындарының күрт көбеюі кәдімгі проблемаға айналды

AstanaTV
06.11.2018ж. 20:00
5530
Шығыс Қазақстанда су құзғындарының күрт көбеюі кәдімгі проблемаға айналды

Шығыс Қазақстанда су құзғындарының күрт көбеюі кәдімгі проблемаға айналды. Жыртқыш құс өзен балығын қырып жатыр. Жергілікті шенеуніктер амалсыздан құстың санын қолдан азайтуға рұқсат сұрап отыр. Соңғы екі жыл ішінде қарақаздардың көбеюі нормадан асып түскен. Бүгінде олардың ұялары Марқакөлден бөлек тіпті бұрын мекендемеген үлкенді-кішілі тау өзендерінің бәрінде пайда болыпты. Мамандар бұл құстар табиғатқа браконьерлерге қарағанда 100 есе шығын әкеледі дейді. Бір су құзғыны күніне екі келіге дейін балық жейді. Тездетіп, шара қолданбаса өзен-көлде тайдай тулаған балық таусылып, тоймай шулаған құзғын ғана қалатын түрі бар.  

Василий ТКАЧЕНКО, ШҚО ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ:  

Біз бұл проблеманы бірінші рет көтеріп отырған жоқпыз, алдыңғы жылдары су құзғындарының санын реттеуге рұқсат алып, арнайы операция өткізген едік. Сонда олар біраз азайып қалған. Бірақ, соңғы екі жылдағы өтініштеріміз қараусыз қалып отыр. Комитеттен рұқсат жоқ. Ал, браконьерлеріміз су құзғынына келгенде мүлдем дәрменсіз.

А. Сейфолла