Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

ХХІ «Шабыт» халықаралық фестивалінде Шерхан Мұртаза атындағы сыйлық беріледі

AstanaTV
06.11.2018ж. 20:00
3463
ХХІ «Шабыт» халықаралық фестивалінде Шерхан Мұртаза атындағы сыйлық беріледі

Биылғы «Шабыт» халықаралық фестивалінде Шерхан Мұртаза атындағы сыйлық табысталады. Бұл туралы халықаралық байқаудың қазылар алқасы мәлімдеді. Осымен ХХІ рет өтетін байқауда бақ сынау үшін, 10 елден 200-ге жуық дарынды жас өтініш білдірген. Биылғы фестивалдің ерекшеліктері жайында Диана Сапарқызы әңгімелейді.  

Диана САПАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:  

Астанада жыл сайынғы «Шабыт» халықаралық жастар фестивалі бастау алды. Биыл байқауда бес номинация бойынша дарынды жастар бәсекеге түспек. Атап айтқанда, «Классикалық музыка», «Халық музыкасы», «Эстрадалық вокал», «Хореография» және «Журналистика». Биыл да 16-35 жас аралығындағы үміткерлер бақ сынайды. Өзбекстаннан алғаш рет бұл байқауға қатысып отырған би ансамбілі қазақ халықының дәстүрлі биін паш етпек.

Шахсонам ШАДИЖАНОВА, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАЛЕТМЕЙСТЕРІ:

Біз бұл нөмір арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсеткіміз келеді. Қазақ халқы о бастан еңбеккерқор. Бидің қойылымына келгенде көп ойландық. Ойлана келе, қазақ әйелінің киізді басудағы еңбегін би арқылы көрсетеміз деп шештік.

Биыл байқауға 600 -ден астам өтініш түскен. Оның 400-ге жуығы ТМД елдерінің таланттары болса, ал қалған 200 үміткер отандық жас дарындар.  

Айман МУСАХОДЖАЕВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ, ЕҢБЕК ЕРІ: 

Жылдан жылға біздің конкурс өсіп жатыр. Оның сапасы да өсіп жатыр. Бізде гран при арған қатысушалыр әлемге танымал әртіс болып шығады.

Ал, «Журналистика» номинациясы бойынша биыл, жеңімпазға белгілі жазушы Шерхан Мұртаза атындағы сыйлық беріледі. Қазылар алқасының мүшесі, фесативаль лауреаты Айгүл Мүкей, іріктеу кезінде жас журналистердің ақпаратты жеткізу тәсіліне баса назар аударылатынын атап өтті.  

Айгүл МҮКЕЙ, ХХІ «ШАБЫТ» ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ МҮШЕСІ:  

Қазір журналистика саласында талаптар өзгерді. Сондықтан байқауда да өзгеретіні рас. «Шабыт» фестиваліне журналистика номинациясын қайта қосқандарына қуаныштымыз. 10 жыл бұрын бұл сайысқа материалдар аз түсетін. Ал, қазір өзім куә болып отырғандай саны әлдеқайда артты.

Диана САПАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:  

Айта кетейік, «Журналистика» «Шабыт» фестивалінің бағдарламасында соңғы рет 6 жыл бұрын болған. Биыл Астананың 20 жылдығын мерекелеуге орай аталған номинация қайта енгізілді. Байқауға мерейтойлық датаға және елордаға арналған телевизиялық бағдарламалар, деректі фильмдер және интернет ресурстардағы жарияланымдар қатысады.

Д. Сапарқызы