Атырау тұрғындары да қазына қаражатаның қайда кеткенін анықтамақ. Олар су жаңа үйдің сапасына наразы. Шынымен де бір жыл бұрын бой көтерген көп қабатты баспананың сапасы сын көтермейді. «Нұрсая» ықшам ауданындағы 3 бірдей үй тұрғындары жаңа баспананың іші-сыртын жамап-жасқаудан шаршаған. Жылу жүйесінен де жиі ақау шығады. Ауыз су да дұрыс тартылмаған. Базаргүл Нәдірқызы тарқатады.
Мына қатар тұрған көп қабатты үш үйдің мұңы-бір. Жұрттың жаңа баспана жайлы өмір сыйламады деген үміті ақталмады. Өйткені, №109 және 111 үй тұрғындары мұнда қаладағы апатты үйлерден көшірілген. Алайда, келмей жатып жаңа үйдің жаңа проблемаларына тап болды.
Табылды МҮСАҒАЛИЕВ:
Подьезіміздің ішінде халтура жасап кеткен. Оны қазақ па өзбек пе подрядчик кінәлі деп ойлаймын. Артымыздағы жарымыз бөлініп жатыр 5-тен төмен қарай. КСК-ға бардық, КСК подрядчикке айтыңдар,-дейді.
Майсура БАЙДАҚҰЛОВА:
Бұл үйді пайдалануға берместен бұрын жылу жүйесінде апат болған. Біз келген соң тағы төрт рет қайталанды. Жертөлеге кәріз суы мен ыстық су ағады. Енді үйдің сылақтары жарылып жатыр. Бізге сапасыз үйді берген. Есіктен бастап байқалады. Терезеден жел гулейді, жылу жоқ. Еден қисық. Әкімдік қалай қабылдаған үйді. Біз бұл күйінде қалдырмаймыз. Назарбаевқа, қаржы полициясына арызданмыз.
Екі үйдің құрылысына жергілікті «Арал» компаниясы жауапты. Олар олқылықты түзеуден қашпайды. Бірақ, құрылыс қателегі құжатпен расталуы тиіс көрінеді. Мердігер, заңға сүйене қалыпты.
Айгүл ИБРАШЕВА, «АРАЛ» ЖШС БАСШЫСЫ:
Проект бойынша қалай берді, проект бойынша жасадық солай. Егер де біздің кінәміз болса, дефектілерді жоюға тырысамыз. Енді оған уақыт керек. Халық келеді де «Бүгін маған жасап беріңдер»,-дейді. Бүгін жасалмайтын нәрсе, мекеме болған соң заңды тәртібі бар. Барамыз акт жасаймыз. Сол бойынша бүкіл дефектлерді жоюға тырысамыз.
Ал, мына 110 үй-ипотекалық баспана. Пәтер иесі Азамат Құбеев банкке 9 жыл бойы 100 мың теңгеден төлейді.
Азамат ҚҰБЕЕВ:
Еден түгел қисық, сықырлайды. Негізі бізде техникалық негіздеме бойынша, жақсы ламинат болады деп жазылған. Бірақ, ең арзан материалдармен салынғаны көрініп тұр. Плинтусты қарапайым клеймен қондырған. Әкімдікке барсақ, мердігер компанияға сілтейді. Ал, мердігер «Раза строй» компания өкілдерін көруден аманбыз.
Үйде дұрыс жылу да жоқ. Мұнша көшкелі тұрғындар ыстық суға да жарымаған. Қаладағы жылу жүйесіне жауапты мекеме өз міндетін мінсіз атқарып отырғанын айтады. Гәптің бәрі үйдің ішінде дейді.
Бекболат АХМЕДИЯРОВ, «АТЫРАУ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ» АҚ ЖЫЛУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Біздер үйге жеткізіп береміз. Ары қарай пәтер иесі мен КСК бірігіп, үй ішінен ауа алу керек. Системада жылу бойында ауа қалады, шығарып жіберсе, жылу айналып кетеді. Темплопункттен ыстық су беріп тұрмыз. Су құбырын жасаған мердігер мекеме дұрыс жасамаған. Жарылып кеткен соң біз суды дала жібермеу үшін жиі-жиі тияды деп тұрған себебі сол.
Тұрғындар аты жаңа, заты ескі үйдің мәселесін шешпей тоқтамамақ емес. Бюджеттің қыруар қаражаты қайда жұмсалғанын соңына дейін анықтамақ.
Б. Нәдірқызы