Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қарағанды облысында мектеп асханаларындағы тамақ сапасын қадағалайтын комиссия құрылады

AstanaTV
07.11.2018ж. 20:00
3544
Қарағанды облысында мектеп асханаларындағы тамақ сапасын қадағалайтын комиссия құрылады

Ал, Қарағанды облысында мектеп асханаларындағы тамақ сапасын қадағалайтын комиссия құрылады. Келесі жылы жүзеге асатын жобаның ерекшелігі сол оқушылардывң ас мәзірін ата- аналар тікелей қадағалап, оған өзгерістер енгізе алады. Білім мекемелеріндегі асханаларды жаңғырту бағдарламасын «Нұр Отан» партиясы да бақылайды. Осылайша, тәтті тоқаштар мен майлы бәліштердің орнына сүт өнімдері мен көкөністер қосу көзделген. 

Қадиша ОСПАНОВА, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бұл комиссия құрамына ата-аналармен бірге медицина қызметкерлері, кәсіпкерлердің өзі де кіреді. Олар күн сайын оқушылардың ас мәзірін қарап, оның сапасын, алуан түрлілігін, арасында тыйым салынған тағамдардың бар, жоғын түгелдей тексереді. «Нұр Отан» партиясы осы талаптардың орындалуын бақылаймыз.

Алғашқы рейд бүгін Қарағанды қаласындағы №52 мектепте өтті. Нұротандықтар асханадағы ас мәзірі мен ауыз судың сапасына зер салды. Мұнда оқушылар таңғы және түскі ас ішеді. Сондай-ақ, күні бойы қайнатылған таза ауыз сумен қамтылған. Барлық талаптар сақталғанмен, мәзірде ұн тағамдары көп. Жаңа жылдан бастап мұндай тексерістер күн сайын жүргізілмек.  

Динара ТҮСІПБЕКОВА, АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ: 

Мектептегі ас мәзірінде ұн тағамдары тым көп. Енді жаңа бағдарлама енген соң денсаулыққа пайдалы асты көбейтуді талап етпекпіз. Көкөніс салаттары, жеміс-жидектер көбейтілсе, қазір ыстық тамақтың өзін алып қарасақ сол баяғы котлеттер мен макарондар ғана бар. Мұның бәрін өзгертуге мүмкіндік туады деп ойлаймын.

А. Қуаш