Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылорда облысынан елуге жуық түйе керуені Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанды

AstanaTV
07.11.2018ж. 20:00
5526
Қызылорда облысынан елуге жуық түйе керуені Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанды

Ал, Қызылорда облысынан елуге жуық түйе керуені Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанды. Шетелдіктер әсіресе Қазалы ауданының түйелеріне қызығушылық танытқан. Аптап ыстығы мен шөл даласы ұқсас болса керек. Жергілікті түйешілер шетелдіктермен жасалған алғашқы саудасына риза. Бура мен алты жасар нарлар 600 мың тенгеге саудалаған. Жергілікті түйеші Есет Серімов шетелдіктер қыркүйекте келіп, бірнеше бас түйе сатып алғандарын жеткізді. Айтуынша, Өзбекстаннан да сұраныс көп. Көрші ел Қызылордадан 500 бас түйе сатып алмақшы.

Есет СЕРІМОВ, «ЖЕҢІС» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Ол кісілерді итальянец бар ғылыми адам, сосын араб кісі бар, ветврач екен. Кеше осы 2-3 күнде тағы келіп, екі бас бұра алып кетті менен. Шамасы біздің елдің түйелері оларға ұнаған-ау деймін. Екі қазақтың айыр түйсенінен екеуін алды тағыда. 40-50 мың теңге артықтығы бар әр тұйеден біздің елдің бағасынан.

Ш. Сақтапова