Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

С.Аманғалиев 400 мың еуро пара алды деп айыпталады

AstanaTV
07.11.2018ж. 20:00
2474
С.Аманғалиев 400 мың еуро пара алды деп айыпталады

Күні кеше Ақтау әуежайында тұтқындалған Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары құрылыс компаниясынан 400 мың еуроға пара алды деп айыпталады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Серік Аманғалиев аймақта іске асуы тиіс ауқымды жобаға қатысқан құрылыс компаниясына «Қамқорлық» көрсеткені үшін еуромен есептескен. Агенттік видеоайғақ жариялады. Шенеунікті тінту кезінде 115 мың еуро тәркіленді.  

Жанна Бастарова, ҚР МҚІСЖҚА РЕСМИ ӨКІЛІ:

Мемлекеттік жекеменшік-әріптестік аясында іске асырылып жатқан құны 4,5 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобасы бойынша жалпы қамқорлығы үшін құрылыс компаниясының өкілінен келісілген 400 мың еуро сомасының 115 мың еуросын алды деп күдіктелуде. Тергеу жүргізілуде.

Ал, парақорлық фактісімен ұсталған «Қазмұнайгаз өнімдерінің» бас директоры Қуандық Құлмұрзин өз кінәсін мойындап, кепілге 5 млн теңге беріпті. Сөйтіп, босап шықты. Ұлттық компания менеджері «Қазмұнайгаз өнімдерінің» Шығыс Қазақстан облыстық филиалы директорының міндетін атқарушыдан 4,3 млн теңге пара алған деп айыпталған.  

А. Бектас