Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / ШҚО-да колледждің 12 студентіне сабаққа қатыспаса да баға қойылып, шәкіртақы төленіп келген

ШҚО-да колледждің 12 студентіне сабаққа қатыспаса да баға қойылып, шәкіртақы төленіп келген

Ал, Шығыс Қазақстан облысының Күршім колледжінде 12 студент жалған білім алған. Яғни, олар сабаққа қатыспай-ақ баға алып, тіпті барлығына шәкіртақы да төленіп келген. Бұл заң бұзушылықтар прокурорлық тексеру барысында анықталды. Қадағалаушы органның мәліметінше, өндірістік сабақ шеберлері мен оқытушылар журналға өтірік баға қойып, оларды курстан курсқа көшіріп отырған. Тіпті «Жалған» студенттердің барлығы мемлекеттік грант арқылы білім алған. 2019 жылы диплом алулары тиіс екен. Осылайша, мемлекет 8 млн теңгеге жуық шығынға ұшырады. Оқиғаға орай қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Лаура ТҮГЕЛОВА, ШҚО ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМА СЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ: 

Облыстың барлық колледжінде тексеру жүргізілді. Нәтижесінде мемлекеттік білімге берілген тапсырысты орындау барысында қаншама заң бұзылыпты. 43 миллион теңге шығын анықталған болса, оның жартысы мемлекетке қайтарылды. Оның үстіне бір қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда Күршім колледжіндегі тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  

А. Қуаш