Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанада «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі бастау алды

AstanaTV
07.11.2018ж. 20:00
5023
Астанада «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі бастау алды

Астанада «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі бастау алды. Аталмыш байқауға шетелден келген 50 өнерпаз бақ сынады. Өнер фестивалінің мақсаты-тіл мен мәдени құндылықтарды игеруі тұрғысынан қазақ диаспорасына қолдау көрсету. Шараға мұрындық болған Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен Қоғамдық даму министрлігі «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырды. 

«Қасиетті қазақ елі» атты өнер фестиваліне еліміздің түкпір-түкпірінен келген қандастарымызбен қоса, Германия, Франция, Қытай, Ресей, Моңғолия, Түркия қатарлы алыс-жақын шетелдерден таланттар қатысты. Фестиваль аясында мүшайра, терме және халықтық қолданбалы өнер бойынша сайысқа түсті. Бүгін монғолиялық қандасымыз қолөнер номинациясы бойынша жүлдегер атанды.  

Хабыл ҚАЙЫП, ҚОЛӨНЕР НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ /МОНҒОЛИЯ:  

Бізде Қазақстанда байқап жүрсек. Мысалы, қонақжайлықта біздерге ұқсамайтын жерлер бар. Ақтағам әзірлейді. Осы ақтағам әзірлеп жатқанда осы қазақстандықтармен саыстырғанда біздің монғолия қазағымен екеуі екі бөлек. Айырмасы бар ерекше.

Өнер фестивалі аясында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы шетелде тұратын отандастарымыз бен шығармашылық интеллигенция өкілдерінің қатысуымен «Қасиетті Қазақ елі» тақырыбында бас қосу өткізді. Жиын барысында отандастарымыздың өзекті мәселелері талқыланып, бірқатар ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, дөңгелек үстел аясында «Алыстағы ағайын» циклындағы деректі фильмнің тұсауы кесілді.   

Қарлығаш БЕКПАТШАҚЫЗЫ, ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Ираннан келген қазақтың қолөнері өзі бір ерекше, ауғанстандыкі өз алдына ерекше. Қытай мен Монғолияда өз алдына үзілмеген бізде ұмыт болған дүниелер қолданыстан түспеген. Сол өнер бізге ортамызға қайтадан келіп, Қазақстанда да өз филиалдарын ашып, дамытып жатыр.

Қазіргі уақытта әлемнің 43 мемлекетінде 5 милионнан астам қазақ ұлтының өкілдері тұрады. Олардың басым бөлігі Қазақстанмен шекаралас елдерде өмір сүреді. Этникалық қазақтардың көбі Түркия, Тәжікстан, Иран, Ауғанстан және Батыс Еуропа елдерінде. Олар туған тілімізде сөйлеп, ұлттық салт-дәстүірімізді ұстанып, Қазақстанды тарихи отанымыз деп біледі. 

Д. Сапарқызы