Ал, Сырдың сол жағасында салынып жатқан, Қызылорданың жаңа бөлігінде «Ақылды қала» жобасы іске асады. Ал, оқушылар қыркүйек айынан бастап цифрлық технологияларға ден қойған.Қалада мектептер электронды оқулықтар мен «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық білім беру жүйесіне көшкен. Сондай-ақ, білім ошақтары жанынан 3D зертханалары мен «Робототехника» кабинеттері де іске қосылды. Ал, қаладағы «Оқушылар үйінде», «IT-Аймақ Орда» балалар технопаркі жұмысын бастап кетті. Бүгін аймақта «Digital Talks»-«Цифрлық Қазақстан» кездесуі өтті. Сандық жүйге-уақыт пен қаржыны үнемдеуге жол ашып отыр.
Талғат ТІЛЕС, «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТӨРАҒАСЫ:
Біздің мақсатымыз, ойымыз бұл талқылауда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына әр-бір жас өзінің үлесің қоса білу керек. Ал, оған үлес қосу үшін біз жаңа технологияларды игеріп, басқа әлемдік тәжірибелерді алып елімізге қажетті. Жалпы, қала тұрғындарының, елімізде тұрғындардың, жастардық жағдайын жақсартуға цифрлардырудын мәнісі өте ерекше. Бұл көптеген мәселелердің алдын алып отырады.
Ш. Сақтапова