Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Бастау» халықаралық кинофестивалі өз мәресіне жетті

AstanaTV
09.11.2018ж. 20:00
2469
«Бастау» халықаралық кинофестивалі өз мәресіне жетті

Алматыда «Бастау» студенттік фильмдер кинофестивалі өз мәресіне жетті. 4 күнге жалғасқан киномарафонда қазылар 22 елден келген 47 туындыны тамашалапты. Осылайша, жетінші рет өткен жастар байқауының бас жүлдесі ресейлік Адам Дунаевқа бұйырды. Режиссердің үздік фильмі «Зәуре туралы хаттар» деп аталады. Фестивальде «Ең үздік әйел рөлі», «Ең үздік ер адам рөлі», «Үздік сценарий», «Үздік операторлық жұмыс» сынды бірнеше жүлде табысталды. Халықаралық фестивальдің биылғы ерекшелігі-қазылар алқасынан бөлек, іріктеуге студенттердің өздері де қатысты. Олар қазақстандық Әлішер Жәдігеровтың туындысын үздік деп таныды. Қысқа метражды фильм «Отау» деп аталады. Картина отбасы құндылығын насихаттайды.  

Әлішер ЖӘДІГЕРОВ, VII «БАСТАУ» ХКФ СТУДЕНТТІК ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІ: 

Киноның жанашырларына алғысымды білдіремін. Жалпы, бұл біздің бірінші курсты бітіргеннен кейінгі алғашқы жұмыстарымыздың бірі. Өте қуаныштымын. «Отау»-отбасы туралы. Өмірдің маңызды құрылымы ол отбасы десек... Сол жайлы болды. 

Сергей ӘЗІМОВ, «БАСТАУ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КИНОФЕСТИВАЛІ ПРЕЗИДЕНТІ: 

8 ғана өте үздік фильмдерді таңдау өте қиын болды. Бірақ та меніңше, мына деңгей басқа ірі әлемге танымал фестивальдерден кем емес. Артық болмаса. Ерекше бір қуат, халыққа, елге жанашырлығы, елге шынайы ілтипаты бұрқырап тұр енді. 

О. Нұржақып