Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елде интернет-сауда талаптары заңмен реттелмек

AstanaTV
09.11.2018ж. 20:00
2652
Елде интернет-сауда талаптары заңмен реттелмек

Елде интернет-сауда талаптары заңмен реттелмек. Бүгін Ұлттық экономика министрілігі бизнес ортаны жақсарту мен сауда қызметін реттеу туралы заң жобасын таныстырды. Электронды сауда талаптарын жасауда халықаралық ұйымдар мен сарапшылар ұсынысы ескерілген. Интернетте ұсынылған тауар мен өнім сәйкес келуі тиіс. Сай болмаған жағдайда қайтарып беру үшін сатушының мекен-жайы көрсетілуі қажет. Зиян келтірген сапасыз тауарларға қатысты да талап болады.  

Айбатыр ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бұл электронды сауда қай уақытта дамиды? Тек қана сатып алушының тарапынан бір сенім болғанда ғана. Сол сенімді көбейту үшін тұтынушылардың құқын қорғау мәселесін заң төңірегінде қарап жатырмыз.

Егер, заң жобасына өзгеріс енгізілсе, өнімдер тұтынушыларға арзан бағамен жеткізілмек. Шаруаның 20 теңгеге сатқан картобы, дүкендерде 120 теңгеге сатылмас үшін көтерме-таратушы орталықтар ашу көзделген. Бұл бағаны қымбаттатып жүрген делдалдарды жояды. Сондай-ақ, импортқа ден қойған сауда жүйелеріне отандық өнімдерді таратады. Орталық жекенің иелігінде болады. Дегенмен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында да қолға алынуы мүмкін.  

Ілияс ДОСҚОЖАЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ НАРЫҚТЫ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бізді ауыл шаруашылығы өндірушілерінің пайда көлемі алаңдатып отыр. Ол әділетті емес. Көтерме-тарату орталықтарының құрылысы пайданы әділ бөлуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тауарларды тасымалдау және өткізудегі шығындарды қысқартады. Осылайша, ірі инфрақұрылымдық кешен сауда саласы мен ауыл шаруашылығы саласындағы, жалпы, біраз проблеманы шешеді.

Г. Меңдеева