Қазақстанда «1000 тегін IT-сынып» жобасы аясында 700-ге жуық сынып ашылған. Бұл «Нұр Отан» партиясының цифрлы технологияларды дамыту жолындағы бастамаларының бірі. Бүгін Астанада осындай орталықтардың бірі «STEM» зертханасы жұмыс істеп тұр. Жоба сынақ ретінде №66 мектепте оқу жылынан бері іске қосылған. Бұл білім ошағында оқытушылардың басым бөлігі шет елде білім алған. Қосымша сабаққа қатысқысы келетіндер көп. Мұнда оқушылар робот құрастыру, компьтерлік программа жасап, түрлі стартап жобалар әзірлейді.
Хамза АРШАБАЙ, 5 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:
Осы сабақтан маған қызығы «Scratch» ойынының программмасы. Ол ойында жасау үшін мынша код жазу керек. Соны жасап біткенде осындай ойын шығады.
Ә. Өмірзақ