Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Венгр қыздарының концерті

AstanaTV
09.11.2018ж. 20:00
2041
Венгр қыздарының концерті

Астаналықтар осы күндері Венгрияның «Ангелика» әйелдер хорының өнерін тамашалауда. «Періште қанатында» атты концерттік бағдарламамен келген мажар қыздары өз дауыстарымен әлемнің талай елдерінің өнер сүйер қауымын тәнті еткен. Ұжымның қазіргі хормейстері Жужанна Граф құрған топқа Будапешттегі Варошмайори оқу орнының дарынды түлектері мен студент қыздары іріктеліпті. Органның сүйемелдеуімен орындалған Джузеппе Верди, Ференц Лист, Золтен Кодай, Бела Барток сынды классикалық туындылар құлақ құрышын қандырды. Бірнеше халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған қыздардың репетуарында заманауи венгр композиторларының да туындылары бар.