Негізгі / Жаңалықтар / Шымкент пен Түркістан облысында ВИЧ кеселі бар 44 ана босанған

Шымкент пен Түркістан облысында ВИЧ кеселі бар 44 ана босанған

Шымкент пен Түркістан облысында жыл басынан бері ВИЧ жұқтырған 57 аяғы ауыр әйел тіркелген. Оның 44-і аман-есен босанып алған. Бұл жайында СПИД-пен күрес орталығы мамандары айтты. Адамның иммун тапшылығы вирусына шалдыққандардың 18-і Шымкент қаласының тұрғыны. Өзгесі облыс тұрғындары. 44 келіншектің 31-і ВИЧ жұқтырғанын жүктілік кезінде бір-ақ білген. Қалған 13-і есепте тұрғандар. Олар жүктілікті алдын ала жоспарлағандар,-деді орталық дәрігерлері. Сондай-ақ, өмірге келген нәрестелер кеселден аман.  

Қожахмет МАШИРОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖИТС-ТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

АИТВ жұқтырған әйелдерден туылған балаларға медициналық бақылау жүргізіледі. Олардан бір айында, екі айында және 1 жасқа толған кезде анализ алады. Бақылауды 1,5 жасқа дейін созатын жағдай болады. Бүгінгі күнде биыл біздің облысымызда туылған балалардың ішінде ешқайсысынан ВИЧ инфекциясы анықталмады. Олардың жағдайлары бір қалыпты.  

А. Төребекқызы