Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Тонаушы монополистер. Тарифтер төмендетіле бастайды

AstanaTV
10.11.2018ж. 20:00
2589
Тонаушы монополистер. Тарифтер төмендетіле бастайды

Қауіпсіздік кеңесінің отырысында электр энергиясының тарифі талқыланған. Бас прокуратура қуат тарифіне жауаптыларды тексеріп, естігенде «мәссаған» дейтін фактілерді анықтаған. Үкімет 2009-2015 жылдары монополистерге тарифті 2 есе көтеруге рұқсат берген. Осы аралықта мекемелер тозған қондырғыларды жаңартып, жаңғыртуы тиіс болған. Бірақ монополистер 1 трлн теңге пайда тапқанмен, жабдықтардың 60 пайызы сол күйі жаңармаған. Ал, тарифтердің өсуі тоқтамаған. Жылу 2 есе, энергия 3 есе бағамен сатылған. Негізі, қондырғылардың тозығы жеткеніне орай қойылатын сауалға «ақша жетпейді, тариф төмен, әрі тұтынушылар уақытында төлемейді» деген жауаптар ылғи күмәнді естілетін. Тоқсаныншы жылдардың ортасында Алматыдағы «Демократия үйінде» жиналатын зейнеткерлердің монополистердің қалай қарпитыны туралы есептерінен талай сюжет жасағасын ба, әйтеуір сенбей тұратынбыз. Бекер емес екен.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Вместо того, чтобы снизить затраты населения по этим пунктам расходов, смотрите, что происходит. Или это сознательное противостояние посланию Президента, чтобы принизить его, или головотяпство, которое происходит в результате безответственности, непонимания своей роли и ответственности. И то, и другое я считаю преступлением.

Қызмет көрсетушілер шығындарын тұтынушылар мойнына асып қойғаны былай тұрсын, жергілікті бюджеттен тариф бағасын арзандатуға бөлінген қаражатты банкке депозитке салып қойған.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Председатель антимонопольного комитета, ты можешь исправить все это? Әлде мына жұмыстан кетесің бе?

- Могу исправить, Нурсултан Абишевич.

- Сулейменов, он способен сделать это? Ты поручаешься, отвечаешь за него?

- Так точно!

- Ладно, тогда ограничимся объявлением выговора. Ты сам разберись, накажи кого положено.

Сөйтіп Энергетика министрлігі тарифті жыл соңына дейін төмендетуі керек. Айтпақшы, Бозымбаевтың тағы бір орынбасары күдікке ілікті. Саран қаласының әкімі болған Анатолий Шкарупа орталық жылу жүйесі жоқ қалада жылу есептеу қондырғыларын бос қабырғаларға орнатқызған. Бас прокурор 215 млн теңге жымқырды деп есептейді.

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Жауап бере алмаймын.

Дегенмен ертеңіне орынбасары Анатолий Шкарупаға тағылған жемқорлық айыбының «министрлік жұмысына қатысы жоқ» деді, мәселенің жай-жапсарын сұраған журналистерге. "Ештеңе білмеймін, бірінші рет естіп тұрмын. Бұл жағдайдың 2015 жылы болғанын ғана естідім, ал Шкарупа бізге бір ай бұрын жұмысқа тұрды", -деген Қ.Бозымбаев. Бір қызығы, Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін жер-жерлерде прокуратуралар тариф мәселесіне орай хабарлама тарата бастады. Астанадағы «Астанаэнергосбыт» ЖШС монополияға қарсы органмен 1 кВт сағат энергияны 11,8 теңгеге сатып аламыз деп келіскен. Бірақ оны екі есе арзанға алып отырған. Қазір электр қуатына баға кВт сағатына 14 теңге 59 тиыннан 13 теңге 89 тиынға, жылу 1 Гкалға /гигакалорияға/ 3016 теңге 52 тиыннан 2842 теңге 99 тиынға түсірілген. Ал бұған дейін заңсыз жиналған ақша қайтарыла ма? Ол туралы ләм-мим демейді.