Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Бокстың өзі «нокаутқа» түсті ме? Рахимов пен Қонақбаев

AstanaTV
10.11.2018ж. 20:00
3085
Бокстың өзі «нокаутқа» түсті ме? Рахимов пен Қонақбаев

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының президенті болып ақыры өзбекстандық олигарх Гафур Рахимов сайланды. АҚШ Рахимовты халықаралық героин саудасында басты роль ойнайды деп айыптайды. Сайлауға Серік Қонақбаев татүскен етін. Оны 48 елдің өкілі қолдады, ал Гафуровқа 134 ел дауыс берген. Сайлаудан кейін Қонақбаев «екінші раунд басталады», деген. Даңқты жерлесіміздің әрі қарай да «бокстасу» ниеті түсінікті - Халықаралық олимпиада комитеті қыркүйекте «егер Рахимов президент болып сайланса, боксты олимпиада бағдарламасынан алып тастаймыз» деп мәлімдеген. Себебін айтып отырмыз, АҚШ Рахимовты қылмыскер санайды. «Өзбекстанның ірі қылмыскерлерінің бірі» және атышулы халықаралық қылмыстық топпен қатысы болуы мүмкін деп, «қара тізімге» енгізген. «Бокстың маңы коррупция» дегенді Қонақбаев ғана емес, қазір көбі айтады. Ал бокстың біздің еліміз үшін ролін ескерсек, Халықаралық олимпиада комитетінің «боксты олимпиада бағдарламасынан алып тастаймыз» деген үркітуіне қазақстандық боксшылардың да, арасында әже-апаларға дейін бар миллиондаған жанкүйерлердің де үрпиісіп қалғаны шын.

Есей ЖЕҢІСҰЛЫ, СПОРТ ЖУРНАЛИСІ:

Халықаралық іздеудегі адамның беделді халықаралық ұйымға президент болып сайлануы көпті дағдартады. Соңғы жылдары әуесқой бокс айналысында былық көп. Өздеріңіз құлақтарыңыз да шалып жатады – олимпиадада бәленбай боксшы бәленбай жағдайда чемпион атанған екен дегенді. Әлі де жалғасып жатыр. Тіпті бокстың күрес түрлері сияқты олимпиада тізімінен түсіп қала ма деген қаупі де зор ма деген ой келеді. Әрине, біз қасында жүрмегесін долбарлаймыз. Қонақбаев боксты тазартамын деп барған болса, өтіп кеткен болса, ол тіпті жақсы болған болар еді. Білесіздер, Рио олимпиадасында Өзбекстанның 5 боксшысы финалға шықты, 3-і олимпиада чемпионы атанды. Ал Азия чемпионатында 10 салмақтың 9-да өзбек боксшылары финалға шығып, біреуі ғана біздің Левиттен ұтылды. Соған қарағанда бокс белгілі бір азаматтардың қалауына айналып бара ма деген ой келеді. Алдағы Токио, одан соң Париж олимпиадасында осындай саудаға айналып кетпей ме? Белгілі бір елдің ұландарына тым артықшылық танытпай ма,деген ой келеді.

Дегенмен Халықаралық олимпиада комитеті үркітіп ғана қоя ма?

Есей ЖЕҢІСҰЛЫ, СПОРТ ЖУРНАЛИСІ:

Халықаралық олимпиада комитеті ондай сөзді бекерден бекер айтпайды. Дегенмен Рахимов алдыңғы 3-4 жүрісті белгіліп қоятын адам ретінде Халықаралық әуесқой бокс федерациясына түспес бұрын Олимпиада комитетімен мәселені шешіп алған сияқты көрінеді. Себебі сайлау алдында ХОК тосын мәлімдеме жасар еді деп ойлаймын. Ондай мәлімдеме болған жоқ. Өздеріңіз білесіздер, бокс 1896 жылғы Олимпиададан бері келе жатыр, оны оп-оңай тізімнен сыза сала алмайды.