$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкент мектептерінде ІТ сыныптарды көптеп ашу қажет

AstanaTV
14.11.2018ж. 20:00
2959
Шымкент мектептерінде ІТ сыныптарды көптеп ашу қажет

Мектеп оқушылары сандық технологияны өз мектептерінде тегін меңгеруі тиіс. Бұл үшін әрбір мектепте ІТ сыныптарын ашу қажет. «Нұр Отан» партиясының Шымкенттегі өкілдері қала мектептерінде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды қарады. Әзірге мегаполисте үш мектепте ІТ сынып жұмыс істеп тұр. Соның бірі-Зоя Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі. Биылғы оқу жылынан бастап 8-ші класстың екі бірдей сыныбы бұл бағытта тереңдетілген түрде оқытыла бастады. Лицейде робототехника кабинеті де жабдықталған. Шәкірттер мұнда бағдарламалау, құрастыру, 3D жобалау сынды дүниелерді мейлінше меңгеріп жатыр. Биылғы ерекшелік-биыл үшінші сыныптан бастап информатика пәні оқытылып жатыр. Мұғалімдер мен ата-аналар мұның бәрі балалардың логикалық ойлау мен өнертапқыштық қабілетін дамыта түсетінін айтады.  

Есімхан БЕРТАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АБАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Өздеріңіз білесіздер, Президенттің өзі айтып отыр: «2050 жылға дейін біздегі қабылданған стратегиялық құжатымызда Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіру керек»,-деді. Ол үшін біз осы «Цифрлы Қазақстанды» енгізуіміз керек.

А. Төребекқызы