Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Астанада алғаш рет дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

AstanaTV
13.11.2018ж. 20:00
3047
Астанада алғаш рет дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Астанада алғаш рет дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды. Оған 7 салмақ дәрежесінде 500-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Оның ішінде 150-ден астамы әйел. 

Марат ДАНАЙБАЕВ, ДЗЮДОДАН ҰЛТТЫҚ ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ: 

Дзюдоға қызығушылық білдіретін жастар елімізде көбейіп келеді. Тіпті 18 жастағылар арасында ірі турнирлерге шығып жүргендер де бар. Тағы айта кететіні, бұрын құрама командаларда 15-20-ға жуық спортшы қыздар болатын. Жыл сайын бұл сан өсіп келеді. Қазір әр жарысқа 30-40 спортшы қыздар жиналады.  

Жарысқа қатысушылардың басым бөлігі Әлем және Азия біріншіліктерінде жүлделі орындарды иеленіп жүрген дзюдошылар. Ал, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг жарысқа жарақаттарына байланысты қатыса алмайды. 

Данияр ЕСИН, АСТАНА ҚАЛАСЫ ДЗЮДО ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Қазақстан Чемпионатының Астанада өтуі алғаш рет. Бұл біз үшін өте маңызды. Қазірдің өзінде Астанада 100-ге жуық «Дзюдо» орталықтары жұмыс жасайды. Алдағы уақытта тағы 85 орталық ашуды жоспарлап отырмыз.  

Асхат ЖІТКЕЕВ, ҚР ДЗЮДО ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ: 

Ұлттық құрамада Олимпиада жүлдегері атанған дзюдошылар да бар. Дегенмен, осы жарыста өзін жақсы көрсетіп, рейтингте көтерілгендері ұлттық құрамаға жолдама алады. Кейін халықаралық турнирлерде еліміздің намысын қорғайтын болады.  

Ә. Өмірзақ