$536.58 €622.75 ₽6.71
×

Өскеменде «Имам-такси» қызметінің арқасында тарауих намазына келушілер саны артты

AstanaTV
17.06.2016ж. 20:00
Өскеменде «Имам-такси» қызметінің арқасында тарауих намазына келушілер саны артты

Өскеменде тегін қызмет көрсететін имам-таксилердің арқасында Рамазан айында оқылатын тарауих намазына келушілер көбейді. Түнгі 23:30-да аяқталатын құлшылықтан соң жамағаттың алаңдамай үйлеріне жетуі үшін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан Маямеровтің тапсырмасынан кейін қайырымдылық шарасы қолға алынған болатын.

Бір қуантарлығы, қасиетті айдағы игі істі көрген өзге де такси жүргізушілері намаздан шыққан жұртты үйлеріне тегін жеткізіп жатыр. Өскемен имамдары Рамазан айында өздері бастаған игі дәстүрді өзге де қалалар жалғастырады деген үмітте. «Халифа Алтай» мешітінің имамы тегін көлік тасымалы алдағы барлық мұсылман мерекелерінде қызмет көрсететін болады деп отыр. Биылғы ораза айында әзірге 10 такси жұмыс істейді. Ал жүргізушілері жергілікті мешіттердің имамдары.