Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Калифорниядағы орман өртінен қаза тапқандар саны 66 адамға жетті

AstanaTV
16.11.2018ж. 20:00
2740
Калифорниядағы орман өртінен қаза тапқандар саны 66 адамға жетті

Ал, Калифорниядағы орман өрті 66 адамның өмірін жалмады. 630-ға жуық кісі хабар-ошарсыз кеткен. 11 мыңнан астам ғимараттың күлі көкке ұшқан. Ал, құтқарушылар зардап шеккендерді іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бүгінде өрттің жалпы аумағы 56 мың гектарды құрады. АҚШ Президенті Дональд Трамп Калифорния штатын апатты аймақ деп жариялады. Ал, билік өкілдері бұл өртті ел тарихындағы ең көп адам өмірін қиған орман өрті ретінде мойындап отыр. Айта кетсек, 8 қараша күні Калифорния штатында басталған орман өртін әлі де ауыздықтау мүмкін болмай жатыр. Құтқарушылар өрттің тек 40% ғана сөндірген.  

Ә. Өмірзақ