Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Хашогги өліміне қатысты АҚШ Эр-Риядқа санкция салды

AstanaTV
16.11.2018ж. 20:00
2782
Хашогги өліміне қатысты АҚШ Эр-Риядқа санкция салды

Журналист Жамал Хашоггидің өлімі мен Эр-Риядтың әскери әрекеттеріне қатысты АҚШ Сауд Арабиясына санкция салмақ. Бұл туралы Американың халықаралық қатынастар жөніндегі комитеті сайтында жариялады. Онда қару-жарақ саудасын тоқтатып, Йемендегі соғысқа қажет ұшақтарды жанармаймен қамтуға тыйым салынған. Санкцияға Сауд Арабиясының 17 азаматы ілікті. Олардың қатарында осы елдің Стамбулдағы бас консулы, барлау қызметінің полковнигі және тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салманның кеңесшісі бар. АҚШ-тың Қаржы министрлігі аталған азаматтардың Хашогги өліміне қатысы бар,-дейді. Сауд Арабиясының Бас прокуратурасы бұл іске күдікті 21 адамды тұтқындады. Олардың 11-не «Кісі өліміне қатысы бар» деген айып тағылса, бесеуі өлім жазасына кесілмек.  

Боб МЕНЕНДЕС, АҚШ КОНГРЕСІНІҢ СЕНАТОРЫ, ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯ МҮШЕСІ:  

Трамп әкімшілігі тарапынан саудтық 17 шенеунікке салынған жеке санкция- бұл бірінші қадам. Бірақ, жеткіліксіз. Хашогги өліміне қатысты тергеу ашық әрі шынайы жүргізілуі тиіс. Және осы заң жобасы арқылы Конгресс өзінің адам құқықтарын қорғаудағы міндеттемесін сақтап қалады.

А. Бектас